2 сабақтың
тақырыбы: Программалау жүйелері
Сабақтың
мақсаты: 1. Оқушылардың жалпы қабілетін дамыту
2.
Оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру
3.
Оқуышлардың тапсырмалар беру арқылы
алған білімін бағалау.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабақтың
дайындығғын
тексеру, назарын сабаққа аудары
Үй тапсырмасы: Компьютердің
программалақ жабдықтама
Үй тапсырмасын қорыту:
Үй тапсырмасынан сұрақтар қою
арқылы қорытамын.
1.
Қандай
программалық жабдықтама қолданбалы деп аталады?
2.
Желілік
программалық жабдықтамаға не жатады?
Жаңа сабақ
Программалау
жүйелері деп компьютердегі есептерді
программалауды автаматтандыруға арналған программалар
жиынтығы аталады.
Кіріспе немесе бастапқы деп
аталатын осындай тілдердің әрқайсысы үшін, программалау
жүйесінің, программа мәтінін кіру тілін машина тіліне
автоматты тұрде аударатын (трансляция) программасы бар.
Әдетте программалау жүйесінде:
·
Қолданатын
программалау тілдерінің сипаттамалары
·
Тілді
жүзеге асыру құралдарын
сипаттау – бұл осы тілдерден
аударғыш программалар
·
Стандартты
бағыныңғы программалар кітапханасы бар
Программалау
тілі – бұл программаны құрайтын жазбалар
жүйесін пайдаланатын
графикалық құрылыс синтаксисі мен семантикасын
анықтайтын ережелер жинағы.
Тілді жүзеге асыру
құралы – бұл жоғары дәрежелі тілдердегі жазбаларды машиналық командалар тізбегіне
айналдыратын жүйелік программа.
Құрамы, кірістік
тілдің формальдау дәрежесі және мақсаттық арнаулы
бойынша келесі программалау жүйелерін ажыратады:
·
Машиналық –
бағытталған.
·
Машиналық –
тәуелсіз
Машиналық – бағытталған жүйелер машиналық – тәуелді тілдердің барлық
мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін пайдалануға мүмкіндік
береді:
·
Жасалынатын
прогрпммалардың жоғары сапалылығы
·
Белгілі бір
аппараттық ресурстарды пайдалану мүмкіндігі
·
Объектік код пен
жад тапсырмаларының болжаулылығы
Мұнымен қатар
бұл жүйелердің бірқатар жетіспеушіліктері де бар:
·
Тиімді программалар
жасау үшін берілген компьютердің командалар жүйесі мен
қызмет ету ерекшеліктерін білу қажет
·
Қателер пайда
болуынан аз қорғалған программалар құру
процесінің қиындығы (әсіресе машиналық тілдер де
және символдық кодтау тілдерінде)
·
Программалау
жылдамдығының төмендігі
·
Бұл тілдерде
типтерінде пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы
Машиналық-бағытталған программалау жүйелерінің операторлар
жиынтығы және бейнелеу құралдары компьютердің
ерекшеліктерінен (ішкі тіл, жад құрылымы және
т.б.)едәуір тәуелді ішкі тілі бар
Машиналы тәуелсіз
программалау жүйелері – бұл компьютердің ұйымдастыру
мен қызмет ету ерекшеліктерін білуді қажет етпейтін, есептерді шешу
алгоритмдері мен өңделетін информацияны жүзеге асыру мен
сипаттау жүйесі.
Қазіргі программалау
жүйелерінің негізгі тізімі және олардың қызметтік
арналуы:
1.
объекті –
бағытталған визуалды программалау жүйелері. Олар
графикалық интерфейсті пайдалану арқылы программалардың
күрделі жинағын жасау процесін тиімдірек етуге мүмкіндік
береді.
2.
логикалық
прогрпммалау жүйелері. Программист фактілер мен ережелер көмегімен
мәселені тек қана тұжырымдайды және логикалық
қорытынды механизімінің көмегімен барлық мүмкін
нәтижелерді алады, яғни мәселенің шешуін іздеген кезде білім үсынудің
мәлімдеу әдісін іске асырады.
3.
Деректер базасын
басқару жүйелері деректер базасын жасауға,
редакциялауға және түрлендіруге арналған.
4.
Компьютерлік
графика жүйелері бейнелерді жасауға және редакциялауға,
сонымен қатар анимация жасауға мүмкіндік береді.
5.
Автоматтандырылған
жобалау жүйелері жасауға және әр түрлі
объектілердің (машиналар мен тетіктердің,
ғимараттардың, электрондық схемалардың және т.б.)
6.
HTML (Hyper
Text Markup Language) негізінде Web-
беттер жасаудың құралдарын көптеген
кәсіпқойлар мен жай желіні пайдаланушылар Web - бетті жасау
үшін пайдаланады.
Сабақты бекіту: 1. Программалау жүйесі
дегенді қалай түсінесіңдер?
2.
Машиналық-бағытталған программалау жүйесінің
арақашықтықтары мен кемшіліктері қандай?
3.Программалау жүйесінің
құрамында не болуы керек?
Үй
тапсырмасы: Программалау жүйелерін оқу